
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауылды жел және шаңды дауыл болады деп күтіледі.
Бірақ кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, жекелеген өңірлерде +40 °C дейін аптап ыстық болады деп болжанып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада күндіз – найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола облысында – найзағай, күндіз – бұршақ. Жел 20 м/с дейін күшейеді, өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында – найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/сжетеді.
Қостанай облысында – найзағай, түнде және таңертең – тұман. Жел 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.
Павлодар облысында – қатты жаңбыр, найзағай, күндіз – бұршақ және дауыл. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстікте екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысында – найзағай, бұршақ, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында – найзағай. Күндіз – 35–37°C аптап ыстық, жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында – нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді, өрт қаупі жоғары.
Абай облысында батыста, солтүстікте және орталықта – найзағай, күндіз – бұршақ, дауыл. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Алматы облысында – таулы аудандарда найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікте, оңтүстікте және тауларда екпіні 15-20 м/с жетеді, өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысында – жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Күндіз шығыста және солтүстікте – 35–37°C аптап ыстық.
Қызылорда облысында – шаңды дауыл. Жел солтүстіктен 15-20 м/с соғады. Күндіз 40°C аптап ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында – солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша – төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында – жоғары өрт қаупі бар.
Атырау облысында – өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында – күндіз орталықта найзағай. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, екпіні 15 м/с дейін жетеді, жоғары өрт қаупі бар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.