Мәжіліс депутаттары қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы құрылысын көрді
- авторОймақ
- Бүгін, 11:36
- 24

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов Еңбекші ауылдық округінің аумағында салынып жатқан күн электр станциясының жұмысын көрді.
80 га жер телімі бөлінген, алып жобаны China Huadian Corporation Ltd компаниясы жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы құны – 11,5 млрд теңгені құрайды. Қуаттылығы - 40 МВт. Жоба толық жұмыс жасағанда "УранЭнерго" ЖШС-нің қосалқы станциясына қосылады.
Жоба үш бөлімнен тұрады: жол және қоршау, күн станциясы, қосалқы станция. Қазіргі таңда, жобаның екі кезеңі жүзеге асырылып, үшінші кезең бойынша жұмыс жасалуда. Бірінші, екінші кезең барысында жергілікті 55 тұрғын жұмысқа тартылған.
Фракция мүшесі Мұрат Әбенов: Мемлекет тарапынан толық қолдау болып, жағдай жасалуы керектігін тілге тиек етіп, сапардың негізгі мақсаты жұмыс жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендердегі тұрғындардың тұрақты жұмысқа орналасуы, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемлекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін жеткізді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.