жұма, 4 шілде, 2025 19:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

235 бала министрге хат жазды

235 бала министрге хат жазды
Оқу-ағарту министрлігі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеді.

2025 жылғы 27 мамыр мен 2 маусым аралығында өткен «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында ұйымдастырылған «Министрге хат» акциясына 235 бала қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеді.

Министр Ғани Бейсембаев әрбір хатты мұқият оқып шыққанын айтып, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

«Шындығында ашық жазылған ұсыныс-пікірлер, жүрекжарды тілектер мен балаға тән таза бұлақтай ойға толы хаттар мені қатты толғандырды. Оларды оқып отырып, балалармен бетпе-бет сөйлесіп отырғандай күй кештім», – деп жазды ол.

Министрдің жүрегіне ерекше әсер еткен хаттың авторы – Тараз қаласындағы №66 мектептің 7-сынып оқушысы Артем Погорелов. Артем патронаттық отбасында тәрбиеленіп жатыр және қазақ тілінде оқиды. Мектеп жаңалықтарын жүргізеді, болашақта журналист болуды армандайды.

Артем хатын «Ғани әке…» деп бастап, мейірім мен ізгілікке толы сөздермен бөліскен. Министр оның шынайы жазбасын бірнеше рет қайталап оқып шыққанын айтып, Артеммен Астанада жеке кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Сол кездесу өзің айтқандай әке мен бала арасындағы шынайы әңгімеге айналады деп сенемін», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, хаттарда көтерілген ұсыныстар мен мәселелер жүйеленіп, жан-жақты пысықталуда. Кейбір мәселелерді шешу үшін қоғамдық талқылаулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылатын болады.

Қатысушылар туралы мәлімет:

Ең белсенді жас тобы – 11–14 жас аралығындағы оқушылар (59%)

15–17 жас – 26%

7–10 жас – 15%

Хат жолдағандардың 56%-ы – қыздар, 44%-ы – ұлдар

«Министрге хат» акциясы балалардың ойы мен тілектеріне құлақ асудың бірегей алаңына айналды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар