бейсенбі, 3 шілде, 2025 21:37

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» басқарма төрағасына Талғат Алдыбергенов тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»  басқарма төрағасына Талғат Алдыбергенов тағайындалды
Фото: railways.kz
Оның теміржол саласында 35 жылдық еңбек өтілі бар.

Бұған дейін бос тұрған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдыбергенов тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Нұрлан Сауранбаев министр болған соң, оның орнына уақытша төраға қызметін Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеу баласы Ерлан Қойшыбаев атқарған еді. Бұл уақытша тағайындау болса да, желіде сынға ұшырады. Енді бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұжымға «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басқарма төрағасы етіп,  Талғат Алдыбергеновті таныстырды. Ол осыған дейін Сауранбаевтың орынбасары болған.

Талғат Алдыбергеновтің теміржол саласында 35 жылдан астам еңбек өтілі бар. Ол Алматы теміржол инженерлері институтын «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірген. Сонымен қатар, Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында экономика магистрі дәрежесін (қызыл диплом) және экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар