
2 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Жаңа құрылым 30 маусымда Президент жарлығымен ҰҚК құрамына қосылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) негізінде құрылды, деп хабарлайды мемлекеттік орган.
ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Құқықтық рәсімдер толық аяқталғанға дейін Антикор бұрынғы тәртіпте жұмысын жалғастыра береді.
«Осыған байланысты Комитет бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық шараларды жүргізіп жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мұрагерлігіне қатысты рәсімдер аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы тәртіппен жұмыс істейді», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.