Іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды
ІІМ “Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.
Прокуратураның хабарлауынша, 2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражатты алғаннан кейін ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.
ІІМ “Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.