
Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан және Қырғыз Республикасының халық ақыны, жазушы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 83 жасқа толды.
Мұхтар Шаханов 1942 жылдың 2 шілдеде қазіргі Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.
Ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды. Ол «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Еркектер жыры», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «12-3=?», «Арман», «Шың басындағы оқиға, «Достық өлкесінің заңы», «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап», «ТЖ-лар», «Төрт ана», «Космополит қазақтар» тағы да басқа өлең-дастандарының авторы.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала