Астана қаласы криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады , — деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеке басын анықтау және қосымша тексеру жүргізу үшін аталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру барысында оның 2023 жылдың мамыр айынан бері іздеуде жүргені анықталды. Ол – жүргізуші куәлігі жоқ және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланды.
Криминалдық полиция органдарының қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы жұмысы үздіксіз жүргізіледі. Ақпаратты мұқият жинау мен нұсқаларды қайта тексеру ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына себеп болады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






