Шілденің алғашқы күндері ауа райы жауын-шашынды болады
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. Алдағы күндері жаңбыр, найзағай күтіледі.
1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін.
Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.