дүйсенбі, 30 маусым, 2025 22:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шілденің алғашқы күндері ауа райы жауын-шашынды болады

Шілденің алғашқы күндері ауа райы жауын-шашынды болады
Фото: iStock
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. Алдағы күндері жаңбыр, найзағай күтіледі.

1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар  батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар