дүйсенбі, 30 маусым, 2025 18:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кешірім сұрауыңды күтемін": Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы мәлімдеме жасады

"Кешірім сұрауыңды күтемін": Тұрсын Алагөзовтің экс-жұбайы мәлімдеме жасады
Коллаж: Turkystan.kz
Ол балаларының не себепті тегінен бас тартқанын түсіндірді.

Ляйсира Марат бұрынғы күйеуі Тұрсын Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етіп, мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz. 

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, өткен өмірі туралы айтқан болатын.

«2015 жылы үйленгеніміздің 25 жылдығын атап өттік. Сол кеште сен махаббат пен адалдыққа ант бергенсің. Бірақ тура бір жылдан кейін Тбилисиге басқа адаммен кеттің. Бұл бәріміз үшін шок жаңалық еді. Әсіресе балалар қатты қиналды. Енді сені балалармен ештеңе байланыстырмайды. Айтқан сөздерің үшін менің балаларым мен отбасымның алдында кешірім сұрауғаныңды күтемін», – деді Ляйсира.

Кейін ол не себепті балалары бұрынғы күйеуінің тегінен бас тартқанын түсіндірді.

«Мен махаббат пен шындықты қолдаймын. Амина мен Арсен – ересек адамдар. Олар өздері шешім қабылдай алады. Тегінен бас тартып жүрген – өздері. Алагөзовтің тегіне қатысты реніші – орынсыз. Балалардың еркін таңдауын жоққа шығарып отыр. Шындыққа жанаспайды. Амина менімен ақылдаспай, үш айдан кейін тегін ауыстырды. Арсен ұзақ ойланды. Бір жарым жылдан кейін өзгертті. Мен ол кісі үйден шығып кеткенде-ақ Марат тегіне өттім. Балалар тегінен бас тартқанын саналы шешім деп есептейді», – деді кәсіпкердің экс жұбайы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар