сейсенбі, 1 шілде, 2025 0:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1987 жылы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны, 2004 жылы Ресей Федерациясы ҚК бас штабы әскери академиясының жоғары академиялық курстарын тәмамдаған. 

1987-2006 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері взвод командирінен бригада командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – ішкі әскерлер бас штабының бастығы, 2008 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы, 2013 жылғы қаңтардан бастап ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы, 2014-2021 жылдары ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы, 2021 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылғы 19 қаңтарда Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Ал 2023 жылғы 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып қайта тағайындалып, 2025 жылы қызметінен босатылған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар