жұма, 27 маусым, 2025 18:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Biolife Proprevit зауытының іргетасы қаланды

Biolife Proprevit зауытының іргетасы қаланды
ашық дереккөзден алынды
Biolife Proprevit зауытының іргетасы қаланды

Ақмола облысындағы «Қоянды» жеке индустриалды аймағында функционалды сүт өнімдерін өндіретін Biolife Proprevit зауытының құрылысы ресми түрде басталды. Жуырда өткен салтанатты рәсім барысында зауыттың алғашқы тасы қаланды. Жоба зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың денсаулығын сақтау мен қолдауға бағытталған.

Biolife Proprevit - Қазақстанда емдік-профилактикалық сүт өнімдерін шығаратын алғашқы ірі өндіріс орындарының бірі болмақ. Кәсіпорын экологиялық таза, функционалды сүт өнімдерін өндіре отырып, ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған арнайы тағаммен қамтамасыз етуді көздейді. Зауыт құрылысы кезінде 100 адам жұмыспен қамтылса, іске қосылған соң 53 тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Жобаның басты инвесторы – Біріккен Араб Әмірліктерінің EXIM Finance халықаралық тобы. Компанияны жобаға жеке өзі қатысқан Шейх Салах Аль Нассер басқарады. Жалпы құны 62,5 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция жобаны салу мен іске қосуға бағытталмақ. Бас мердігер ретінде «Agro Holding Bayan» ЖШС таңдалған. Салтанатты рәсімге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Калиақпаров, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек қатысып, ауқымды жобаның келешегіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге БАӘ мен Хорватия елшіліктерінің өкілдері де қатысты.

Іс-шара аясында инвестор Шейх Салах Аль Нассер мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек «Қоянды» жеке инустриалды аймағын дамыту жөніндегі жол картасына қол қойды, ол инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге, экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға және логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.

         Biolife Proprevit жобасы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосады және әсіресе өндірістік тәуекелдері жоғары секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындар қызметкерлерінің денсаулығын қолдауға ықпал етеді. «Қоянды» Жеке индустриалды аймағы әлеуметтік маңызы бар, технологиялық және экспортқа бағытталған жобалар үшін тартылыс орталығы ретінде өз мәртебесін нығайтуда. Biolife Proprevit зауыты – өңірлік даму мен халық денсаулығын жақсарту мақсатындағы ірі бастама. Жоба іске қосылған соң, Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арналған арнайы тағам өндірісі бір саты жоғары деңгейге көтерілмек.

 
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар