жұма, 27 маусым, 2025 16:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қарағандыда жолақы қымбаттауы мүмкін

Қарағандыда жолақы қымбаттауы мүмкін
istockphoto.com
Бұл сұрақ қазір талқыланып жатыр.

Қарағандыда қоғамдық көліктегі жолақыны көтеру мәселесі қаралуда. Бұл сұрақ қазіргі уақытта талқылау мен пысықтау кезеңінде, деп хабарлады turkystan.kz сайты ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, инфляция, жанармай бағасының өсуі, сондай-ақ жолаушылар тасымалы сапасын сақтау және жақсарту қажеттілігі — тарифтің өсуіне себеп болуы мүмкін.

Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты сектор меңгерушісі Темірлан Талдыбаевтың айтуынша, қазіргі есептік орташа тариф – 470 теңге. Алайда мемлекеттік субсидияларға қарамастан, бұл қаржы жанармай шығындары мен жүргізушілер мен техникалық қызметкерлердің жалақысын толық өтеуге жеткіліксіз.

«Біз жыл сайын жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға күш салып келеміз: жаңа бағыттар ашамыз, бұрын жабылғандарын қайта іске қосамыз, автобустар санын көбейтеміз. Мұның бәрі қосымша шығынды талап етеді. Оның үстіне, сәуірден бастап жанармай бағасы қымбаттады. Мұның бәрін ескермеуге болмайды», – деді Темірлан Талдыбаев.

Дегенмен, жолақыны көтеру – ұзақ әрі көпсатылы процесс. Ең алдымен, жобаны қалалық қоғамдық кеңесте қорғау қажет, одан кейін ол қалалық мәслихат жанындағы бірлескен комиссияның қарауына жіберіледі. Соңғы шешім мәслихат сессиясында қабылданады, онда жоба негізделіп, депутаттардың қолдауын алуы тиіс. Тек осыдан кейін нормативтік-құқықтық акт қабылданып, «Әділет» мемлекеттік жүйесінде жарияланады, және тұрғындарға тарифтің өзгергені туралы ресми түрде хабарланады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ONAY! картасы арқылы төлем жасаған кезде жолақы 120 теңгеге дейін, ал қолма-қол төлеген жағдайда 250 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл Қарағандыдағы тарифтерді Алматы қаласындағы бағалармен шамалас деңгейге жеткізеді.

Еске сала кетейік, Қарағандыда жолақы соңғы рет 2024 жылдың маусымында көтерілген болатын. Бұған дейін қалада 10 жылдан астам уақыт бойы жолақы өзгермеген еді.

Қалай болғанда да, бұл мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр, және соңғы шешім барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар