Руханият

Komtrans Astana+ BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмелері өтуде.

Бүгін Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында Komtrans Astana+ BUSexpo Astana және Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмелері өтіп жатыр

Оған Қазақстан, Қытай, Түркия және Өзбекстаннан келген 230 компания көрмеге қатысып, нарыққа бейімделген өнімдер мен шешімдерді ұсынуда.

Бұл – көлік пен құрылыс саласына бағытталған, Қазақстан мен Орталық Азия кеңістігіндегі жетекші салалық алаңдардың бірі.

Komtrans Astana + BUSexpo Astana жүк, коммерциялық және жолаушылар көлігіне маманданған аймақтағы көрме. Көрме көлік индустриясының негізгі сегменттерін біріктіретін, әрі нақты бизнеске бағытталған B2B форматындағы кәсіби платформа. Eurasian Construction Technology Astana 2025 көрмесімен бір алаңда өтуі логистика, құрылыс және инфрақұрылым бағыттарын тоғыстырған кешенді іс-шараға айналып отыр. 

Көрменің ашылуында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев:

Көрмеде ауыр жүк көліктері, автобустар, құрылыс алаңына арналған арнайы техника, телематикалық жүйелер мен автосервиске арналған жабдықтар ұсынылған. 

Business Media Central Asia басшысы Ануар Мәлік:

Шетелдік қатысушылардың қатарында Қазақстанмен өндірістік кооперацияны кеңейтуге ниетті ірі компаниялар бар. Әсіресе Қытай, Түркия және Өзбекстан кәсіпорындары елімізді Орталық Азия нарығына шығатын негізгі платформа ретінде қарастырады.

Messe Frankfurt компаниясының вице-президенті Майкл Йоханнес:

Көрме аясында іскерлік бағдарлама қарастырылған. Панельдік сессиялар, B2B кездесулер мен сараптамалық пікірталастар саланың өзекті тақырыптарын қамтиды. Айталық, «Өңіраралық логистикалық дәліздер: экономикалық ықпал және қаржылық тетіктер»; «Орталық Азиядағы автотасымал кедергілері және цифрлық шешімдер»; «Жұмысшы мамандықтарының жылы: көлік саласының дамуына кадрлық ресурс»; «Қазақстандағы автопаркті жаңарту: қаржылық лизинг, мемлекеттік қолдау және халықаралық тәжірибе» мәселелері талқыланды.

Осы ретте логистика саласындағы өңіраралық кооперацияның жаңа бағыттарына назар аударылды.

Панельдік сессияда «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Нұрлан Құлбатыров логистикалық инфрақұрылымды дамытудың өңіраралық сауда мен кооперацияны дамыту бағытында:

Айта кету керек, аймақтардан келген делегациялар техника үлгілерін жергілікті жағдайға бейімдеу және қолдану жолдарын талқыламақ.

Көрмені ұйымдастырушы BMCA (Қазақстан). 

Іс-шара ҚР Көлік министрлігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен өтуде.