Қазақстандық декреттегі ана Threads-те нөмір қалдырғаны үшін өкініп қалды
zaaarrrri есімді жас ана декреттік демалыста жүргенде Threads желісінен онлайн жұмыс туралы жазбаны көріп, қызығушылықпен WhatsApp нөмірін қалдырған. Алайда түнгі уақытта бейтаныс нөмірлерден бейнеқоңыраулар мен хабарламалар келе бастаған. Кейін жазба мәтіні "қыз керек" деп өзгеріп кеткені белгілі болды. Әйел өзін қатты ыңғайсыз сезініп, ер адамдардың осындай әрекетке қалайша баратынына қынжылды.
Әйел пост астына көп адам нөмірін қалдырып жатқанын көріп, ол да қызығушылықпен өз нөмірін жазады. Артынша тыныш ұйқыға кеткен жас ана бұл әрекетінің күтпеген салдарға әкелетінін білмедім дейді.
Әйел сол кезде нөмірін жазған пост есіне түсіп кетеді. Threads-ке қайта кірсе, әлгі жұмыс туралы пост өзгеріп кеткен.
Жас ана тұрмысқа шыққанын, екі баласы бар екенін және күйеуіне адал екенін атап өтті.
"Өте ұяң, таза адаммын. Бірақ ішім қатты ашыды... Сосын бір ой келді. Ер адамдар өздерінің әйелдеріне осындай нәрселерді қалай оп-оңай істей береді екен? Қалай басқа әйелдермен сөйлесіп, кездесіп жүре береді? Өздеріне жиіркенішті болмай ма екен?! Қорытынды, ешқашан, ешқайда, бейтаныс орындарға нөмір қалдырмаңыз", – деп түсіндірді жас келіншек.