сәрсенбі, 25 маусым, 2025 4:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа адамдар бірден екі әлеуетті педофилді әшкереледі

Жаңа адамдар бірден екі әлеуетті педофилді әшкереледі
Фото: Oimaqnews.kz
Жаңа адамдар қозғалысының «124» азаматтық науқаны кәмелет жасқа толмаған қыздың әлеуметтік желідегі профиліне орынсыз қызығушылық танытқан екі әлеуетті педофилді әшкереледі.

Команда 12 жасар қыздың атынан жалған анкета құрды. Бұл профильге бірден бірнеше антиқаһарман қызығушылық танытты. Солардың бірі бірінші болып өзін «Розбай» деп таныстырып, бірнеше ай бойы қызбен хат алмасып, порнографиялық мазмұндағы хабарламалар жіберді. Кейінірек ол жыныстық сипаттағы тікелей ұсыныстар жасай бастады және кездесу туралы келісті. «Не үшін келдің?» деген сұраққа: «Бәліш жеуге келдім», — деп жауап берді. Екіншісі — лақап аты «Просто Нурда» — хат алмасудың орынсыз екенін түсініп, оны құпия сақтауды сұрады. Ол да интимдік сипаттағы суреттер жіберіп, жеке кездесуге тырысты.

Белсенділер әлеуетті педофилдердің шынайы есімдерін анықтады. Біріншісі — Розбай Султанбеков, 17.02.1996 жылы дүниеге келген. Үлгілі ұл, тілалғыш жұмысшы, бәлкім, жақсы әке де шығар. Құрылыста еңбек етеді. Екіншісі — Амайданов Нурдаулет, 20.10.2003 дүниеге келген. Ол да құрылыста жұмыс істейді.

Кездесу олар ойлағандай болмады. Олар кездескісі келген 12 жасар қыздың орнына шынайылықпен бетпе-бет келді — екеуін де камера объективі және Жаңа адамдар белсенділері дайындаған «қарабет дәлізі» күтіп тұрды. Олардың барлық хабарламалары мен суреттері тіркелді. Шын есімдері, ниеттері және айғақтар — өздерімен бірге құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар