дүйсенбі, 23 маусым, 2025 14:38

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада бойжеткен кісі қолынан қаза тапты

Астанада бойжеткен кісі қолынан қаза тапты
istockphoto.com
Күдікті оның бұрынғы сүйіктісі болып шықты.

Астанадағы «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде бойжеткен кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға кеше кешкі 20:30 шамасында болған. 21 жастағы күдікті қыздың бұрын көңіл жарастырған сүйіктісі болып шықты.

Көршілерінің айтуынша, оқиға алдында пәтерден қатты шу естілген. Қыздың мәйіті пәтерден табылған. Осыдан кейін күдікті көшеде өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуыл жасап, қаза тапқан қыздың кіші інісін жаралаған. Жасөспірім кейін балалар алаңында пышақ жарақаттарымен табылып, ауруханаға жеткізілді.

Содан кейін күдікті қыздың пәтеріне кіріп, есікті жауып алған. Кейін полиция келгенде өз еркімен берілген.

Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар