жексенбі, 22 маусым, 2025 14:14

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елімізде 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді.

Елімізде 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді.
фото ашық дереккөз
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлаған.

Елде 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың қатарында 600-ге жуық көппәтерлі, 11 мыңнан астам жеке үй және 16 жатақхана бар. Құрылысы аяқталған тұрғын үйдің жалпы алаңы былтырғы кезеңнің сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,7% өсіп, 6,02 миллион шаршы метрді құраған.

Салынған үйлердің көлемі бойынша Астана, Алматы қалалары және Алматы облысы көш бастап тұр. Ең көп өсім Түркістан облысында, Шымкентте және Алматы облысында байқалды. Тұрғын үйдің басым бөлігін жеке құрылыс мекемелері салған.

Жалпы құрылыс жұмыстарының ауқымы бес айда 15,4% өсіп, 2 001 млрд теңгені құрады. Өсім 18 өңірде тіркелді.


 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар