Руханият

Роза Рымбаеваның ұлының жөргегін немересіне сақтап қойған

30 жылдан кейін баласына табыс етті.

Әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева 30 жылдан астам уақыт бойы сақтап келген затты көрсетті, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Айтуынша, анасы сәби күніндегі жөргегін сақтап қойған. Әли Оқапов енді оны өзінің баласына қолданып жатқанын айтады.

"Жақында ғана анам естелікке толы тамаша затты бөлісті. Бұл – жөргек. Ол неге мен үшін ерекше? Себебі бұл – менің жөргегім. 34 жыл бұрын, мен Зейін сияқты кішкентай кезімде, осының үстінде жатқанмын. Қазір сіздерге сол уақыттағы архив фотомды да көрсетемін. Ол кезде ешкім де 34 жылдан кейін осының үстінде менің ұлым отырады деп ойламаған шығар. Сондықтан егер араларыңызда мен сияқты жас ата-аналар болса, балаңыздың бір затын сақтап қойыңыздар. Себебі жылдар өткен соң оны немерелеріңіз пайдалануы мүмкін. Мен сіздерге де осындай тарихтың қайталануын тілеймін", – деді Әли Оқапов.