Руханият

"Динараның шайы": әншінің жарына арнаған сыйы

Сәкен Майғазиевтің әйелі қуанышты жаңалығын бөлісті.

Әнші Сәкен Майғазиевтің жұбайы Динара Майғазиева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялады, – деп жазды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Динара Майғазиева жаңа кәсіп бастағанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.

«Әкесінің маған арнап шығарған шайы. Бұл – жай ғана шай емес… Бұл – сезіммен, алғыспен, жүрекпен жасалған шай.⠀“Динара шайы” махаббат пен құрметтің қоспасындай… Нәзік, терең, шынайы. Барлық дүкеннен таба аласыз», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары құттықтап, кәсібіне береке тіледі