Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жықты
Оқиға №52 бағыттағы автобуста болған
Шымкентте 17 жастағы жасөспірім автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. Жолаушы ретінде автобусқа отырған кәмелетке толмаған бозбала жол ақысын төлеуден бас тартып, бірге болған достарымен жүргізушіні соққыға жыққан.
Оқиға 12 маусым күні Шымкент қаласындағы Бекжан базары маңында №52 бағыттағы автобуста болған. 34 жастағы жүргізуші Максат Жолаевтың айтуынша, ол жасөспірімнен жол ақысын төлеуді сұраған, алайда бозбала оған балағат сөздер айтып, автобустан түсуін талап еткен. Көліктен түскен соң, көшеде жасөспірім қасындағы екі серігімен бірге жүргізушіге шабуыл жасаған.
Жүргізуші есінен танып қалған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып, ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деп бағаланып, жалпы палатаға ауыстырылды.
Полиция күдікті 17 жастағы жасөспірімді ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Сот оны екі айға қамауға алу жөнінде санкция берді.