Сәтбаевта 13 жастағы қызды көлік қағып кетті
16 маусым күні Сәтбаев қаласында жаяу жүргіншілер өткелінде қайғылы жол апаты болды.
Полиция мәліметінше, 13 жастағы қызды көлік қағып кеткен. Қатты соққыдан кейін қыз өтіп бара жатқан екінші автокөліктің астына түсіп қалған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.