жексенбі, 15 маусым, 2025 7:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанға АЭС-ті кім салатыны анықталды

Қазақстанға АЭС-ті кім салатыны анықталды
Фото: freepik.com
Қазақстанға АЭС-ті кім салатыны анықталды

Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда Атом электр станциясын кім салатынын мәлімдеді. 

Атом энергиясы жөніндегі агенттік халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысын анықтау жұмыстарын аяқтады. Реакторлық технологиялардың әлемдік жетекші жеткізушілерінің басшылығымен келіссөздер ашық және бәсекелестік диалог әдісімен, компаниялардың өндіріс орындарын аралау арқылы жүргізілді. Осылайша "Росатом" Қазақстандағы бірінші АЭС құрылысы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы деп танылды. 

"Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия ресейлік "Росатом" компаниясынан алынған АЭС салу бойынша ұсыныстарды ең оңтайлы және тиімді деп тапты. Екінші орынды, Қытай ұлттық ядролық корпорациясының ұсыныстары иеленді. Үшінші орынға француздық Électricité de France және кореялық Korea Hydro & Nuclear Power компанияларының ұсыныстары жайғасты. Енді қазір"Росатомның" ұсыныстарына сәйкес Ресей Федерациясының есебінен мемлекеттік экспорттық қаржыландыруды тарту мәселесі пысықталып жатыр", – делінген хабарламада.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік бірінші АЭС құрылысы бойынша тиімді халықаралық консорциум құруда шетелдік серіктестермен жұмысты жалғастырады. 

Еске салайық, бұған дейін Әлеуетті жеткізушілердің тізімінде ресейлік "Росатом", оңтүстіккореялық KHNP компаниясы, Қытайдың CNNC және Францияның EDF компаниялары бар екені хабарланған еді. 

2024 жылдың қазан айынан бастап биыл қаңтар айына дейін Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегаттар осы елдердің бәрін аралап шықты. Жабдықтаушылармен жасалған келісім шарттарда "санкциялық тармақ" болатыны айтылды. 

Алғашқы станция Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады. Наурызда президент толыққанды ядролық кластерді қалыптастыру үшін "бір емес, үш АЭС салу қажет екенін" айтқан.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар