сенбі, 14 маусым, 2025 18:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыздың отбасына 20 млн теңгеге жуық төлем жасалды

Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыздың отбасына 20 млн теңгеге жуық төлем жасалды
Фото: Tengrinews.kz
Астанадағы автобус апаты: аяғынан айырылған қыздың отбасына 20 млн теңгеге жуық төлем жасалды

— «Еуразия» сақтандыру компаниясы Астанада автобус апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қыз баланың отбасына 19,66 миллион теңге көлемінде жедел сақтандыру төлем жасады. 

Компания өкілдерінің түсіндіруінше, төлем жолаушылар тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетін сақтандыру аясында жасалған. Автопарктың жауапкершілігі «Еуразия» сақтандыру компаниясында сақтандырылған.

Балаға ұзақ мерзімді емдеу, оңалту және кейіннен протез салу қажет болатынын ескере отырып, компания заңнамада көзделген құжаттар пакеті толық жиналғанын және мүгедектігі туралы анықтаманы күтпей-ақ, толық көлемде төлем жасау туралы шешім қабылдады.

— Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес, егер жол апаты салдарынан бала мүгедек болып қалса, 5 000 АЕК мөлшерінде, яғни 19 660 000 теңге көлемінде төлем көзделген. Қазақстанда мүгедектік анықтамасын алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту қажет, ол көп уақыт алады, — деп мәлімдеді «Еуразия» сақтандыру компаниясының өкілдері.

Сондай-ақ, компания сақтандыру жағдайынан кейін зардап шеккен автобус жолаушылары мен олардың өкілдеріне арналған жедел желі ұйымдастырылғанын еске салды. Барлық жүгінген азаматқа сақтандыру төлемін алу тәртібі түсіндіріліп, кеңес берілді.

Бірнеше күн бұрын Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соқтығысқаны анықталды. 

Жол апатынан бір зардап шегушінің жағдайы ауыр екені, ота жасалатыны айтылды.  Кейін зардап шеккен 1 жолаушының аяғына ампутация жасалғаны белгілі болды. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар