ЖОО-ға грантқа құжат қабылдау қашан өтетіні белгілі болды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбені ұсынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша:
Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;
ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз; «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;
Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.