Әлеумет

269 мыңнан астам адам Меккедегі қағбаға кіре алмаған

Мыңдаған мұсылман Меккеде Қағбаны айналып, діни рәсімін орындады.

Меккеде адам көп жиналатын қажылық жалғасып жатыр, деп жазады Oimaqnews.kz Aikyn.kz .сайтына сілтеме жасап. Олар таңғы құлшылық барысында Қағбаны айналды. Ал Мина жазығында жамағат екінші күн шайтанға тас ату рәсімін орындаған.

Исламның бес парызының бірі – қажылық жағдайы көтеретін және денсаулығы жарамды әрбір мұсылман үшін міндетті саналады. Былтырғы қажылық кезінде 1600-дей адам қаза тапты. Олардың көбі – аптап ыстық құрбандары.

Биыл бұған жол бермеу үшін Саудия үкіметі мыңдаған ағаш отырғызып, жүздеген салқындатқыш қондырғыларын орнатқан. Бұған қоса, қажылыққа ресми рұқсаты жоқтар мен 12 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға тыйым салынып отыр. Жаңа ережемен 269 мыңнан астам адам Меккеге кіре алмаған.