Сәкен Майғазиевтің келіні мәһрге алтын сақина сұрады
Әншінің ұлы үйленді.
Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Асанқызы күйеуінен мәһрге не сұрағаны белгілі болды, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Молда "Мәһрге не сұрайсың?" деген сұрақ қойды.
Жас келін "Алтын сақина" деп жауап берді.
Желі қолданушылары жаңадан отау құрып жатқан екі жасқа бақыт тіледі.
"Тәрбиелі қыз екен", "Сәкеннің келіні болудың өзі мәһр ғой", "Жастар бақытты болсын", деп жазды желі қолданушылары.