Әлеумет

Құлсарыда жеті жасар қыздың мәйіті табылды

Күдікті ұсталды.

Құлсарыда 7 жасар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, 36 жасар күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Кеше шамамен сағат 12:00-де қыз үйінен шығып, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де ата-анасы полицияға жүгінген. Түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәйіті Құрсай өзенінен табылды. Қылмыстық іс қозғалды”, – деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
 

Полиция мұндай ауыр қылмыс үшін ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.

Істің тергелуі облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.