жұма, 6 маусым, 2025 23:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өрттен 5 баласы қаза тапқан отбасына барды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өрттен 5 баласы қаза тапқан отбасына барды
Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өрттен 5 баласы қаза тапқан отбасына барды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Нариман Төреғалиев Сырым ауданының Жымпиты ауылына барып, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты.

Бұған дейін айтылғандай, облыс әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және отбасыға қажетті басқа да көмектерді көрсетуге қолдау білдіреді. Сонымен қатар қайғыдан қан жұтқан отбасыға үй берілетіні туралы да хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, 4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт шамамен 30 шаршы метрді шарпыған, үйдің ішінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар