жұма, 6 маусым, 2025 23:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Самал Ибраеваға жасалған шабуылға қатысты министрлік ресми мәлімдеме жасады

Самал Ибраеваға жасалған шабуылға қатысты министрлік ресми мәлімдеме жасады
Сурет: Ulysmedia.kz/Самал Ибраева
Ulysmedia.kz порталының бас редакторы кибершабуылға ұшырады.

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева кибершабуылға ұшырады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Министрлік “ULYS MEDIA” порталының бас редакторы Самал Ибраеваға қатысты жасалған арандатушылықты айыптап, бұл әрекетті жол беруге болмайтын киберқылмыс деп санайтынын мәлімдеді.

«Министрлік порнографияны тарататын және интимдік қызметтерді жарнамалайтын тыйым салынған ресурстарды анықтау жұмыстарын күшейтеді және оларды жедел бұғаттау үшін өз құзыреті шеңберінде барлық шараларды қабылдайды», – делінген хабарламада.

«Біз құқық бұзушылар анықталады деп сенеміз. Бұл – мемлекеттің қағидатты ұстанымы: Қазақстанда цифрлық зорлық-зомбылық пен буллингке орын жоқ», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар