жұма, 6 маусым, 2025 22:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кешіру және түсіну мүмкін емес секілді: Айсәуле Бақытбек әкесі туралы сұраққа жауап берді

Кешіру және түсіну мүмкін емес секілді: Айсәуле Бақытбек әкесі туралы сұраққа жауап берді
Оқырмандарының бірі оған сауал тастаған еді.

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Оқырмандарының бірі оған «Әкеңізді кешірдіңіз бе?» деген сауал жолдаған. 

Айсәуле Бақытбек болған жағдайға қарамастан әкесін жақсы көретінін айтты.

Кешіру және түсіну мүмкін емес секілді. Алайда мен оны қабылдаймын және жақсы көремін. Осы жеткілікті деп ойлаймын, - деп жауап берді ол.

Айта кетейік, 2022 жылы Бақытбек Есентаев түрмеден босап шықты. Ол 2016 жылы 9 жылға сотталып, мерзімінің үштен екі бөлігін өтеген соң, сотқа арыз берген. Сот оның тәртібі мен бұрынғы әйелінің өтінішін ескеріп, босату туралы өтінішті мақұлдады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар