бейсенбі, 5 маусым, 2025 8:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Елордада жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Елордада жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Фото: astanovka98
Зардап шеккендер бар.

2 маусымда кешке елордадағы Самал ықшам ауданында жол апаты болды. Жолаушылар таситын автобус хабарландыру таблосы ілінген бағанға соғылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты Республика даңғылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған.

Жарақат алғандарға медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Артынша автобустың алдыңғы бөлігінің фотосы жарияланды. Кадрлардан көлік құралының есігі ашылмай қалғанын көруге болады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарақат алған 10 адам қалалық стационарға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуі ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда, шұғыл операция жасалып жатыр,  - деп мәлімет берді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар