Экономика

Елімізде 28,5 мыңнан аса азамат ресми түрде банкрот деп танылды

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Елімізде 28,5 мыңнан аса азамат ресми түрде банкрот деп танылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

“2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстанда ел азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы заң қолданысқа енгізілген. Сол уақыттан бері мемлекеттік кірістер органдары арқылы 28,4 мың азамат, сот шешімі бойынша 196 азамат банкрот деп танылды. Міндеттемелердің жалпы сомасы – 147,1 млрд теңге.төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 103 азамат қолданды. Олардың 8-і бойынша қалпына келтіру жоспарлары бекітілді”, – делінген МКМ хабарламасында. 

Комитеттің дерегінше, жыл басынан бері қазақстандықтардан банкроттық бойынша 77 106 өтініш түскен.