"Қалалардың инфрақұрылымын дамыту бүкіл әлем үшін өзекті" – Мәулен Әшімбаев
- авторОймақ
- 2 маусым, 2025
- 88

Сенат спикері: «Парламенттік комиссияның бүгінгі отырысы қалалар мен елді мекендерді орнықты дамыту мәселелеріне арналып отыр.
Атап айтқанда, қалалар мен елді мекендерді тиімді жоспарлау және олардың инфрақұрылымы туралы сөз болды.
Жалпы, қазіргі таңда қалалардың инфрақұрылымын дамыту бүкіл әлем үшін өзекті мәселе екені белгілі. Cоның ішінде тұрғын үй, инженерлік, әлеуметтік, экологиялық және көлік инфрақұрылымын дамыту аса маңызды.
Біздің елімізде де бұл бағытта атқарылуға тиіс көптеген маңызды міндеттер бар.
Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы салаға үнемі баса мән беріп келеді.
Негізгі міндеттер ретінде қалалардағы, шалғайдағы және ауылдық елді мекендердегі азаматтардың өмір сүруіне жайлы жағдайлар жасау белгіленді.
Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерін кеңейтетін «Агломерацияларды дамыту туралы» Заң қабылданды.
Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік саясатының тұжырымдамасын әзірледі" деді жиында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары
- авторОймақ
- 4 маусым, 2025