
Азия чемпионатында екі атлетіміз үздіктер қатарынан көрінді.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Нора Джеруто 9:10.46 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық спортшымыз Дейзи Джепкемей (9:12.46) қолаға қол жеткізді. Күміс Үндістан өкілі Парул Чаудхариға (9:12.46) бұйырды.
Аталмыш сары құрлық бәсекесіне 39 елден 567 атлет бақ сынап жатыр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.