дүйсенбі, 2 маусым, 2025 8:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атырауда қарияның өліміне байланысты тергеу басталды

Атырауда қарияның өліміне байланысты тергеу басталды
Pixabay.com
Күдікті – марқұмның келіні.

Атырау облысында егде жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында 1942 жылы туған әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мәліметінше, күдікті ретінде 1986 жылы туған азаматша ұсталған. Ол – марқұмның келіні.

Атырау облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы нақтылануда, ал қылмыстың себептері анықталу үстінде.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп нақтылады департамент өкілдері.

Ауыл тұрғындары болған жайтқа қатты таңғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар