сейсенбі, 3 маусым, 2025 21:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мамандар ауыл шаруашылығы санағы аясында 70 қаланың үй шаруашығын алдын ала аралайды

Мамандар ауыл шаруашылығы санағы аясында 70 қаланың үй шаруашығын алдын ала аралайды
Фото: Pixabay.com
Мамандар ауыл шаруашылығы санағы аясында 70 қаланың үй шаруашығын алдын ала аралайды

Ауыл шаруашылығы санағы аясында Қазақстанның 70 қаласында үй шаруашылықтарын алдын ала аралау өткізіледі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.


Биыл 1-30 маусым аралығында еліміздің 70 қаласында үй шаруашылықтарын алдын ала аралау (листинг) жүргізіледі. Бұл кезеңде санақ қызметкерлері таңдалған мекенжайлар бойынша тұрғындардың нақты тұратынын және жеке қосалқы шаруашылық жүргізетіндігін растау үшін негізгі сауалнамаға жататын үй шаруашылықтарының тізімдерін нақтылайды.

— Ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Оған заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде мал шаруашылығымен, өсімдік шаруашылығымен және балық өсірумен айналысатын шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылығы жер учаскелері бар және (немесе) төрт түлік ұстайтын үй шаруашылықтары қатысады, — делінген хабарламада.

Онлайн кезең 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz порталында өтеді, онда респонденттер санақ парақтарын өз бетінше толтыра алады. 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін — офлайн кезең, ол кезде интервьюерлер санақтан онлайн өтпеген үй шаруашылықтарына барады.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар