жұма, 30 мамыр, 2025 19:45

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфирде ұятқа қалды

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тікелей эфирде ұятқа қалды
фото: скрин
Мөлдір Мұқан "Алтын ханым" байқауында жүргізуші болды.

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан «Алтын ханым» байқауында жүргізуші болып, тікелей эфирде ұятқа қалды, деп жазады Oimaqnews.kz Turkistan.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Ол бағдарлама барысында қатысушыларды хабарлап тұрғанда сөзден жаңылысып қалды. «Бір минут» деген сәтте, қасындағы тележүргізуші Динара Сәтжан оған  «бұл тікелей эфир» деп сыбырлап, ескертті. Кейін кәсіби тележүргізуші Мөлдірге көрерменнен қолдау білдіруін сұрайды.

Желіде аталған сәттің видеосы тез таралып, көпшілігі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.

«Айгүл Мүкей неге жүргізбеген?!», «Динара мықты маман екенін көрсетті», «Аузы қисық болса да, байдың әйелі сөйлесін», «Тұрсынбектің арқасында шығып жүрген адам», «Өте төмен деңгейдегі маман екенін көрсетті», «Мәтінін жаттамай, шатасып қалды», «Билеп жүргенше, қағазды оқып жаттамайсың ба?!», – деп жазды көпшілік.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар