Досаев Алматы қаласы әкімі лауазымынан босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ерболат Досаев бұл қызметке 2022 жылы тағайындалды.
Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.