Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады
Ол бір жыл бұрын Алматыда 7 қабаттан құлап, қаза тапқан болатын.
Алматыда бір жыл бұрын 7-қабаттан құлап, қаза тапқан 21 жастағы бойжеткен Ақнәр Хамиттың өліміне байланысты Алматы қаласының полиция департаменті алғаш рет ресми мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Күні кеше ғана Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит тергеудің созылып кеткеніне наразы болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдаған болатын.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға болғанына 10 ай өтсе де, тергеу жалғасып жатыр. Тергеушілер куәлардан жауап алып, оқиға орнындағы бейнебақылау жазбаларын қарап, материалдарды жинап, сараптап жатыр.
Істі жүргізу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Қайтыс болған бойжеткеннің жақындарының қайғысына ортақпыз. Қажетті тергеу әрекеттері толық аяқталып, барлық сараптама нәтижесі қолымызға тигеннен кейін ғана процессуалдық шешім қабылданады, – делінген Алматы қалалық полициясының ресми түсініктемесінде.
АҚНӘРДІҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ
2024 жылы 20 шілдеде Алматыда 22 жастағы студент Ақнәр Хамит көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Тергеу бұл оқиғаны бастапқыда “суицид” ретінде тіркеген. Алайда марқұмның туыстары Ақнәрдың өліміне дейін қатыгездікпен азапталғанын және оны терезеден көршілері лақтырып жібергеніне сенімді