Әлеумет

Қызды қинап жатқан ер адамның әрекеті таспаға түсіп қалды

Оқиға Ұлытау облысында болған.

Ұлытау облысының Сәтпаев қаласында қызды қинап жатқан ер адамның әрекеті таспаға түсіп қалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Оқиға көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің подъездінде, бірінші қабатта болған. Бойжеткен подъездге кірген сәтте соңынан ер адам кіріп, құшақтай алып, аузынан басып, қызды күштеп сыртқа сүйрей жөнелген. Шыға берісте қызды құлатқан. Қыз айқайлағаннан кейін көршілер шыққан. Сол сәтте ер адам сыртқа шығып қашып кеткен.

Ұлытау облысының Полиция департаментінің мәліметінше күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр.