бейсенбі, 22 мамыр, 2025 1:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкенттік ақын париждіктерді таңғалдырды

Шымкенттік ақын париждіктерді таңғалдырды
Шымкенттен шыққан ардагер ақын Бөрібай Оразымбет арнау жырын айтты.

17 мамыр күні Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақ пен қырғыз халықтарының айтыс өнеріне арналған халықаралық мәдени кеш өтті, деп хабарлады Oimaqnews.kz  turkystan.kz сайтына  сілтеме жасап.

Іс-шарада Шымкенттен шыққан ардагер ақын Бөрібай Оразымбет арнау жырын айтып, тыңдарманды тәнті етті.

Суырыпсалмалықтың саңлағы, шымыр ойдың шебері, жүрек пен тілден өрілген жырды жұртына арнаған Бөрібай ақсақалдың бұл арнауы – екі бауыр халықтың достығын жырмен өрген, айтыстың асыл құндылығын әлемге танытқан рухани оқиға болды.

Ақынның ЮНЕСКО сахнасындағы жыры – тек өнер көрсетілімі ғана емес, ұлттық болмыс пен бауырластықты паш еткен биік миссия.

Айта кетейік, Бөрібай Оразымбеттің арнауы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлованың атынан арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл марапат түркі руханиятын жаһан алдында танытқан ақынға берілген құрмет болды

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар