Руханият

Шынайы көңіл күй мен жүрек жылуын сыйлайтын – ол бір-бірімізбен жүздесу: Роза Әлқожа қонақ шақырмайтындарды сынады

Қазір еріншектік жиілеп кетті.

Белгілі әнші Роза Әлқожа дастархан жайып, қонақ шақырғанды жаны сүйетінін алға тартты. Дегенмен өнер иесі үйіне мүлде қонақ шақырмайтын адамдардың барын айтып, оларды сынап тастады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі адамдар арасында еріншектік жиі байқалып жүр.

Сондай-ақ ол шынайы қарым-қатынастың адамға рухани байлық сыйлайтынын тілге тиек етті.