Әлеумет

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлағаны үшін марапатталды

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды ынталандыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетігі болып табылады.

Ағымдағы жылы Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған Қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері және Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері  Департамент басшысының грамотасымен марапатталды.

Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес, мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қорғауында болады.

Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 call орталығына немесе Департаменттің 8 (7242) 230690 кезекші телефонына қоңырау шалуға болады.