сәрсенбі, 21 мамыр, 2025 0:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды
Сурет: the-steppe.com
Оны көші-қон заңнамасын бұзды деп айыптап отыр.

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу Шереметьево әуежайында қамауға алынды. Бірнеше ірі ресейлік БАҚ хабарлауынша, қазақстандық комик көші-қон заңнамасын бұзды деген күдікке ілінген. Атап айтқанда, ол Ресейде көші-қон есебіне тұру мерзімін сақтамаған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Ресей құқық қорғау органдары әзілкешке 5000 рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Сабыров белгіленген мерзімде Ресейден шығып, кейін заңды түрде қайта кіре алады. Бұл ретте оған елге қайта кіруге тыйым салынған жоқ.

Әзірге Нұрлан Сабыров пен оның менеджері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

Айта кетейік, Нұрлан Сабыров Ресейде аса танымал әзілкештердің бірі саналады. Ол бірнеше ірі әзілкештік жобаларға қатысып, жеке стендап-шоуларымен танылған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар