
Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл алған Абилхан Жәнібек Асқарұлы Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Мектеп-гимназия директоры Исанова Сәуле Егембердіқызы. Сынып жетекшісі Бортай Гүлзира Ағабекқызы, - деп жазылхан Білім басқармасының хабарламасында.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде Жәнібек информатика пәнін таңдаған. Білім басқармасы Жәнібектің жетістігіне орай құттықтауын да жеткізді.
Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы, жауапкершілігі, уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі. Білім жолындағы жеңісің құтты болсын, биік белестерден көріне бер!, - деп құттықтау білдірген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.