Қоғам

Алматыда оқ атылып, бір адам жарақаттанды

Алматыда бір-бірін танитын екі ер адам арасында туындаған жанжал кезінде травматикалық қару қолданылып, салдарынан олардың бір жарақат алды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті ретінде 35 жастағы Жетісу өңірінің тумасы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, травматикалық қаруы тәркіленді. 

Алдын ала анықталғандай, бір-бірін танитын ер адамдардың арасында жанжал туып, бірі екіншісінің аяғына оқ атқан. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деді полиция департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде кетіп бара жатқан көлікке оқ атылған сәт түсірілген видео жарияланды. Алматы полициясы күдіктілер ұсталғанын мәлім етті.