Руханият

Мейрамбек Беспаев Досымжанға ерекше сыйлық берді

Арнайы домбыра жасатқан.

Әнші Досымжан Таңатаров 50 жас мерейтойына орай Астанада жеке шығармашылық концертін өткізді. Кеште Мейрамбек Беспаев арнайы жасатқан домбырасын  сыйға тартты.

«Құтты болсын! Сен бір рудың емес, Алаштың аяулы азаматына айналдың! Досым, мен соған қуанамын. Осы елдің саған деген махаббаты мәңгілік болсын! Сенімен мақтанайық, қуанайық», - деп Мейрамбек Беспаев сахнада әнші үшін арнайы жасатқан домбырасын тарту еткен.

Сонымен қатар суретші Шалқар Ақанов Досымжан Таңатаровқа әншінің өзі бейнеленген портретті сыйлаған.