
Қазақстан халық жазушысы», ақын Темірхан Медетбек 81 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
Темірхан Медетбек - 1945 жылы б наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Аманкелді ,атындағы колхозда дүниеге келген. «Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» жыр жинақтары мен «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты сан кітаптары жарық көрген.
Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар, тілдеріне аударылған.
Өзі де Пушкин, Лермонтов, Якоб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Еркін Вахидов сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Белдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығармаларын аударған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.